Назым Қызайбай Азия чемпионатында жеңіске жетті

Назым Қызайбай Азия чемпионатында жеңіске жетті

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні бір ғана жерлесіміз шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Назым Қызайбай мен тайландтық Чутамат Раксат жолықты. Айта кету керек, бірер жыл бұрын халықаралық турнирде Назым дәл осы боксшыдан ұтылған болатын. Бұл жолы есені қайтарып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 3:2. Енді қазақ қызы ширек финалда  моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен кездеседі.

Айта кетейік, Назым Қызайбай өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын. Енді осы жетістікті қайталауға тырысам дейді.

Бұған дейін Азия чемпионаты аясында 3 жерлесіміз шаршы алаңға шығып, оның екеуі келесі кезеңге өткен болатын.

Атап айтқанда, жеңіл салмақтардағы Серік Теміржанов пен Сәкен Бибосынов қарсыластарын айқын басымдыпен ұтты. Ал орта салмақтағы Санатаәлі Төлтаев өзбек боксшысына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін тағы 3 спортшымыз өнер көрсетеді. Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов, жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Ташкенбай және қазақстандық команда сапындағы Дулат Бекбауовтар бағын сынамақ.

Айта кету керек, қыздар арасында 3 боксшымыз қазірден жүлдеге ілігіп тұр. Яғни ауыр салмақтарда қатысушылар санының аздығынан Мәдина Нұршаева, Гүлсая Ержан және Ләззат Күнгейбаевалар бірден медальға таласты бастайды. Иорданиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 13 қарашада белгілі болады.

Бүгін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен Әлем кубогының екінші кезеңі басталады. Айта кетейік, бірінші кезеңде ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алған болатын. Нұрберген Жұмағазиев баптайтын қыз-жігіттер енді соны қайталап, тіпті, асып түсуге де тырысады. Осы мақсатта бас-аяғы 12 спортшымыз жарыс алаңына шығады. Қазір олар соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Әлем кубогы 6 қарашаға дейін жалғасады.

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Таразда еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды. Палуандар бәсекесі Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған. 3 күнге жоспарланған жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. 8 елден келген 143 палуан, 10 салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, бұл турнир 2007 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жүлде қоры ауқымды. 33 милион теңге. Жарыс жеңімпазына 4 000 АҚШ доллары берілсе, II орынға 2000, 3-орынға 500 АҚШ доллары қарастырылған. Әрі  әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз спортшының жаттықтырушысына - 500 АҚШ доллары беріледі. Мамандар халықаралық бұл жарыстың, отандық спортшыларға тәжірибелік тұрғыда берері көп дейді. 

Марат Нұржанов, жарыстың бас төрешісі:

– Бүкіл әлемдік күрес қауысдастығы бар. Сол күрес қауымдастығына кіретін ереже бойынша өтеді. Осы жарыс біздің балаларымызға болашақта келесі жылы өтетін Азия ойындарына және лицензиялық әлем біріншіліктерінде үлкен үлесін қосады.

ЕЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 

Астанада таэквондоның GTF бағыты бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогі өтті. Биылғы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 400-ден аса қатысушы жиналды. Олар 40 салмақ дәрежесі бойынша медальдарды сарапқа салады. Бұнда жас ерекшеліктері де ескерілген. Яғни 12 мен 14 жастағылар бөлек, 15 пен 17 жастағылар бөлек, өзара мықтыны анықтады. 2 күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпокмандамлық есепте Ақтөбе спортшылары топ жарды. Үздік үштікті Атырау мен Астана құрамасы түйіндеді. Жеңіске жеткен өрендер енді ұлттық құрамаға алынып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Жарыс жеңімпаздарынан бөлек ең үздік техника және әсерлі жекпе-жек аталымдары бойынша да арнайы кубоктар табысталды.

Самат Шаудырбаев, жастар ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы:

– 1-орын алғандар ұлттық құрама командасына іріктеледі. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осының алдындағы жарысты айта кетсем, Грузия мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен Грузия мемлекетінен 4 спортшымыз алдын медаль иеленді, 2 спортшымыз күміс медаль, сосын 2 медаль иеленді.