Су добынан Азия чемпионаты: қоржынымызда қос қола

Су добынан Азия чемпионаты: қоржынымызда қос қола

Су добынан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Байрақты бәсекені биыл Тайландтың Самутпракан қаласы қабылдаған болатын. Алдымен қыздар арасындағы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Бұл сында ұлттық құрама іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, қола жүлде үшін  жергілікті командамен жолықты.

Тарысты өткен матч 15:4 есебімен аяқталды. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен жерлестеріміз жеңіс тұғырына көтерілді. Артынша Қазақстанның ерлер құрамасы да осындай жетістікке жетті. Олар соңғы сында Иран құрамасымен өзара мықтыны анықтаған еді. Дамир Темірханов баптайтын жігіттер басым түсіп, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы да, әйелдер құрамасы да 2023 жылы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Ал ұлттық құрама сапындағы Дарья Муравьева чемпионаттағы ең үздік ойыншы, Егор Белоусов ең жас ойыншы атанды.