Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанға есе жіберді

Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанға есе жіберді

Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жолдастық кездесу өткізген болатын.

Матч Ташкент төріндегі Пахтакор орталық стадионында өтті. Алаң иелері ойын басынан белсенді болып, 12-ші минутта есеп ашты. Гол авторы - Ходжимат Эркинов. Ал оның командаласы Эльдор Шомуродов бірінші кезең соңында таблодағы есепті еселей түсті.

Айта кету керек, қос футболшы да жеке шеберлігінің арқасында мергендігімен көзге түсті. Қазақстан құрамасы қанша есе қайтаруғы тырысса да, матч соңына дейін таблодағы нәтиже өзгермеді. Тіпті екінші кезеңде допингке байланысты спорттан екі жыл шеттетіліп, құрамаға жуырда ғана қайта қосылған Бауыржан Исламханды да алаңға шығарған. Бірақ Қазақстан құрамасы бәрібір жеңіліп қалды.

Жалпы қос команда осымен 7-ші мәрте жолығып тұр. Оның үшеуінде өзбек жігіттері жеңіске жетсе, үшеуі тең көрсеткішпен аяқталды. Ал бір матчта жерлестеріміз жеңді. Магомед Адиев баптайтын жігіттер енді қарашаның 19-ы күні Абу-Даби қаласында жергілікті, яғни Бірікке Араб Әмірліктерінің құрамасымен кездеседі.