Еліміздің теннистен әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Еліміздің теннистен әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Қазақстан алдыңғы ондықта.

Халықаралық теннис федерациясы ұлттық құрамалардың соңғы ойындарын саралап, әлемдік рейтингті өзертті. Жаңартылған тізімде еліміздің әйелдер құрамасы 10-сатыға жайғасты. Яғни, Елена Рыбакина бастаған жерлестеріміз Ұлыбритания, Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, тіпті, Польша сияқты елдерді де басып озған. Қазақстан құрамасының еншісінде 739 ұпай бар. Ал көш басына 1142 ұпай ұпай жинаған Австралия орналасты. Үздік үштікті Швейцария мен Испания түйіндеді. Айта кетейік, дәл осы Испания қыздары бірер апта бұрын ұлттық құраманың басты қарсыласы болды. Қос команда Шотландияның Глазго қаласында командалық әлем чемпинаты аясында жолыққан болатын. Кездесулер сериясында Испания айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұған қоса біздің топта жергілікті Ұлыбриатния қыздары да болды және қазақ қыздары оларды 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде, отандастарымыз плей-офф кезеңіне өте алмады. Айта кетейік, Билли Джин Кинг Кубогының шешуші жарысына 12 команда ғана жолдама алған болатын.