ӘЧ: Марокконың сенсациялық жеңісі

ӘЧ: Марокконың сенсациялық жеңісі

Марокко Бельгияны жеңді. Қатар астанасы Доха қаласында футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні тағы да сенсация тіркелді. Кәрі Құрлықтың азулы командасы саналатын Бельгия африкалық құрамаға қарсы ештеңе істей алмады. 73-ші минутқа дейін таблода 0:0 нәтижесі жанып тұрды. Тек екінші кезең ортасына қарай Марокконың жатырлай қорғаушысы Абдельхамид Сабири мүмкіндігін сәтті пайдаланып, өз командасын алға шығарды. Артынша Марокко ойыншылары есеп айырмасын еселей түсті. Бұл жолы шабуылшы Закария Абухляль мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 2:0 Жеңіске жеткен  Марокко 4 ұпаймен «Ф» тобының екінші сатысына жайғасты. Ал Бельгия құрамасы 1 саты төмен орналасты. Екеуінің арасын 1 ұпай ғана бөліп тұр.