Катарда Жапония сенсация жасады

Катарда Жапония сенсация жасады

«Е» тобындағы қалған екі команда, яғни Жапония мен Испания паралель өзара мықтыны анықтады.

Бұл матчта азиялық команда күтпеген жерден жеңіске жетіп, өзіндік сенсация жасады және дәл осы нәтиже Германияның сәтсіздігіне тікелей себеп болды. Бірінші голы испандықтар соқты. 11-минутта Альваро Мората мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал, Жапония ойыншылары екінші кезеңнің басында таразы басын теңестіріп, тіпті алға шығып та үлгерді. 48-минутта Ритсу Доана мергендігімен көзге түсті. Ал 51-минутта Ао Танаки ұлттық құрама сапындағы кезекті голын соқты. Қорытынды есеп: 2:1. Осының арқасында Жапония үш матчта 6 ұпай еншілеп, өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Испания екінші орында және Германиямен ұпайлары бірдей. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша Испания жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.