Елордада БАҚ өкілдері арасында футзалдан турнир өтуде

Тәуелсіздік күніне орай, елордада БАҚ өкілдері арасында футзалдан турнир өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазушы, журналист Сейдахмет Бердіқұлов атындағы марапатқа 10 команда таласып жатыр. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан және Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларынан келген әуесқой аяқдопшылар бар. Жалпы жүлде қоры 3 млн теңге. Ал жеңімпаз команда соның 1 млн-нын еншілейді.

Мәди Әбдуғалиев, қатысушы:

- Барлығы таныс жігіттер. Бір саланың қызметкерлері. Жұмыстарында қандай үздік болса, алаңда да осындай. Бүгінгі чемпионат қалай болатыны, кім ұтатыны белгісіз. Бәріне сәттілік тілейміз.

Әзиз Жұмаділ, ұйымдастырушы:

- Қайта жаңғырту мақсатында былтырдан бері өзіміздің қолымызға алғанбыз. Және биыл бұл турнирге бір ерекшелік қосуды жөн көрдік. Турнирге тек 30-дан асқан БАҚ өкілдері ғана қатыса алады.