«Барыс» сырт алаңда Ресей командасын жеңді

«Барыс» сырт алаңда Ресей командасын жеңді

Елордалық клуб жылдың шешуші кездесуінде жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, кезекті 3 ұпайды еншіледі.

Андрей Скабелка баптайтын жігіттер Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Сібір» командасымен кездескен болатын. Новосибирск қаласында өткен матчты алаң иелері белсенді бастап, алдған болып есеп ашты. Алайда арадаға бір минуттай уақыт салып «Барыс» сапындағы Джереми Бракко таразы басын теңестрді. Ал үшінші кезеңде командаласы Никита Михайлис те мергендігімен көзге түсті. Қорытынды нәтиже 2:1. Осының арқасында «Барыс» бас-аяғы 43 ұпай жинап, Шығыс Конференциясындағы 8-орнын сақтап қалды. Ал Сібір 4-орында тұр. Қазақстандық клуб кезекті кездесуін 3 қаңтарда өткізеді. Астана қаласында Шығыс Конференциясының тағы бір үздігі «Металлург» хоккей клубын қабылдайды.