Сауд Арабиясында Роналдумен кездесу өтті

Сауд Арабиясында атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен кездесу өтті.

Шара Эр-Рияд қаласындағы Мрсул-парк стадионында болды. 25 мың адам сиятын спорт кешені көрермендерге лық толды. 37 жастағы шабуылдаушы былтыр қараша айында "Манчестер Юнайтед" футбол клубынан кетіп, жақында "Әл-Насрмен" келісім-шартқа отырған. Бұл оның Еуропадан сырт елдің клубында алғаш ойнауы болғалы тұр. Келісімге сай Роналду әл-Наср клубында 2025-ші жылға дейін өнер көрсететін болады.

Криштиану Роналду, футболшы:

- Көңіл-күйім өте жақсы. Мен осында келіп ойнау туралы шешім қабылдағаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін Еуропада барлық маңызды клубтарда өнер көрсетіп, көп жетістікке жеткенімді айтқан едім. Қазір мен үшін Азияда жаңа белестерді бағындыру маңызды. Осы ретте "Әл-Наср" клубы футбол ғана емес, өскелең жас ұрпақ үшін де еңбек етуіме мүмкіндік беріп отырғанына ризамын. Мен үшін бұл үлкен сын болмақ. Бірақ мен бұған дайынмын.