ҚХЛ: «Барыс» есе жіберді

ҚХЛ: «Барыс» есе жіберді

Мықты команданы жеңіп, осалдан жеңілді. Астаналық «Барыс» жыл басында Құрлықтық Лигадағы үздіктердің бірі «Металлург» командасын ұтқан болатын.

Енді бұл жолы аутсайдер саналатын «Амурға» есе жіберді. Кезекті кездесу Ресейдің Хабаровск қаласында өтті. Алаң иелері алғаш болып есеп шаты. Бірақ, «Барыс» сапындағы Аркадий Шестаков қарымта мүмкіндікті сәтті пайдаланып, есепті теңестіріп үлгерді. Ойын осындай қарқынмен жалғасып, негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Дмитрий Шевченко мен Линден Вей мергендігімен көзге түсті. Қосымша уақытта да тараптар өзара мықтыны анықтай алмады. Ал матч соңындағы буллиттер сериясында «Амур» хоккейшілерінің жолы болды. Осылайша алаң иелері 2 ұпай еншілеп, Шығыс Конференциясының соңғы сатысынан 10-шы орынға көтерілді. Ал «Барыс» 8-ші орнын сақтап қалды. Андей Скабелка баптайтын жігіттер кезекті кездесуін де «Амурға» қарсы өткізеді. Матч бүгін болады.