Әлемге танымал дзюдошы Алматыға келді

Дзюдо тарихында есімі алтын əріппен жазылған француз, Олимпиаданың 3 дүркін жеңімпазы, 11 дүркін әлем жəне 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы спортшыларымен жаттығу жасады.

Осылайша, Алматы қаласындағы дзюдо Академиясында оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі мəресіне жетті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйытқы болған бұл жиын Франция дзюдо федерациясымен бірлесіп өткізіліп жатыр. Еліміздің дзюдо федерациясының басшылары, бапкерлер мен Ұлттық құрама спортшыларымен қатар шараға спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов қатысты.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Осы спортшыларда алдағы жарыстарда үлкен сенімділік пайда болады. Спортшымен күрескеннен кейін әдіс тәсілдерін ары қарай ұлғайтады. Әрине осындай спортшылар керек. Бір спортшымен тоқтап қалмауымыз қажет. Ұлттық құрама командасын шақыруымыз керек.