Швециядағы парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионатында Ербол Хамитов топ жарды

Швециядағы парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионатында Ербол Хамитов топ жарды

Ербол Хамитов – әлем чемпионы. Дәл қазір  Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күні шаңғының спринт бағытындағы медальдар сарапқа салынған болатын. Бұл сында ел намысын Ербол Хамитов қорғады. Ол іріктеу бәсекелерінде жақсы өнер көрсетіп, сенімді түрде келесі кезеңге өтті. Жартылай финалда екінші көрсеткішті тіркеді. Ал ақтық сында алдына жан салмады. Үздік үштікті украиналық және бразилиялық спортшылар түйіндеді. Айта кетейік, Ербол бұған дейін 7,5 шақырымдық жарыста да қола жүлдегер атанған болатын. Ұлттық құрама қоржынындағы медальдар саны еселеп артуы мүмкін. Өйткені, жарыс жолына енді Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Денис Зинов сиқяты жерлестеріміз шығады. Швециядағы дүниежүізілік дода 29 қаңтарға дейін жалғасады. Оған 18 елден 100-ден аса спортшы қатысып жатыр.