Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Азия үздіктері Астанаға жиналды. Бұнда грэпплингтен балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 1200-ге жуық қатысушы келді. Енді олар 4 күн бойы жас деңгейлері және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Айта кету керек, ашық форматтағы  жарыс 2017 жылдан бері елордада тұрақты ұйымдастырылады. Тіпті 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын да қабылдады. Ал дәл осы жарыста жақсы өнер көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Атап айтқанда, ересектер арасындағы әлем чемпионаты биыл Польшада болады. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерледің дүниежүізілік додасы Грекуияда өтеді.