Алматыда халықаралық қысқы марафон өтті

Алматыда халықаралық қысқы марафон өтті

Халықаралық қысқы марафон. Алматыда жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтіп тұрады.

Солардың бірі демалыс күні ұйымдастырылды. «Тек қана жазда емес қыста да жүгіргісі келетіндердің  қатары көбейіп келеді», -дейді мамандар. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын қысқы марафонға мың адам қатысса биыл үміткерлердің саны 2 жарым мыңға жуықтады. Олар бірнеше қашықтық бойынша өзара мықтыны анықтады. Яғни, алдымен жүгіруден 10 шақырымдық бәсеке болса, одан кейін скандинавиялық жүріс шеберлері 7 шақырымдық жарыс жолына шықты. Жас өрендерге де мүмкіндік беріліп, олар 3 шақырымда бақ сынады. Марафон мықтыларыарнайы медальдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.  

Айжан Түгелбаева, қысқы марафонды ұйымдастырушы:

- Биылғы қысқы марафонның бір ерекшелігі тек көршілес елдер ғана емес шалғайдағы Испания мен Ұлыбританиядан және Америкадан да үміткерлердің келгенін айта кеткен жөн. Қысқы жүгіруге қатысушылардың ең жасы 10 да десек, ересектер арасында 82 жастағы қария да бүгін жарыс жолына шықты. 10 шақырымдық қашықтықта Рахымжан Кельманов жеңіске жетсе, қыздар арасында Белорусиялық Светлана Куделич топ жарды.