Манчестер Юнайтед Барселонаны жеңді

Манчестер Юнайтед Барселонаны жеңді

Манчестер Юнайтед Барселонаны жеңді. Футболден Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні Англия мен Испанияның үздіктері жолықты.

Айта кету керек, Барселонада өткен алғашқы мачта 2:2 есебі тіркелген болатын. Ал Манчестер қаласындағы қарымта ойында қонақтар бірінші боп есеп ашты. 18-ші минутта Роберт Левандовски 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Манчестер Юнайтед ойыншылары 2-ші таймда ғана таразы басын теңестіріп, тіпті, алға шығудың да амалын тапты. Алдымен, бразилиялық Фред мергендігімен көзге түссе, артынша оның жерлесі Антони мүмкіндігін мүлт жібермеді. Қортынды есеп: 2:1. Жеңіске жеткен манчестерлік клуб келесі кезеңге өтті. Ал «Барселонап» жарыс жолынан шығып қалды. Бұған қоса, Еуропа Лигасының плей-оффына "Ювентус" , "Севилья", "Байер", "Спортинг", "Рома", "Унион Берлин" және "Шахтер" клубтары да шықты.  Енді бүгін Ньон қаласында жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылып, келесі кезеңдегі қарсылас жұптар анықталады.