Қазақстан стенд атудан Азия кубогінде топ жарды

Қазақстан стенд атудан Азия кубогінде топ жарды

Қоржынымызда 13 медаль. Оның 6-ауы алтын.

Дәл қазір Кувейт астанасы эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия Кубогі өтіп жатыр. Қазақстандық сұрмергендер ә дегеннен үздік нәтижелер тіркеп, кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Әсіресе, әйелдер арасындағы жекелей сында Ольга Панарина сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Артынша оның жеңіс жолын жасөспірімдер арасында Данил Стрелецов пен Адель Садақбаева жалғады. Командалық сында да ұлттық құрама мүмкіндіктерін мүлт жібермей, алтын жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бәскееде ел намысын Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және жоғарыда айтқан Ольга Панарина үштігі қорғаған болатын. Тағы бір алтын медаль аралас командалық сыннан түсті. Яғни, Әсем Орынбай мен Ещенко Эдуард барлық қарсыласынан асып түсті. Бұған қоса, ұлттық құрама спортшылары 4 күміс пен 3 қола жеңіп алды. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күндері скит бағытындағы сайыстар өтті. Енді трап шеберлері бақтарын сынайды. Эль-Кувейт қаласындағы құрлықтық дода 2-ші наурызға дейін жалғасады.

Конкур шеберлерінің ашық кубогі

Конкур шеберлері елордада бас қосты. Бұнда «Арғымақ» деген атаумен олимпиадалық ат спортынан ашық кубок ұйымдастырылды. Оған Алматы, Шымкент, Қарағанды және жергілікті спортшылар мен тұлпарлар қатысты. Бас-аяғы 50 үміткер  5 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Мәселен, балалар санатында Алматылық Әмина Акшина «Гордый» атымен бірінші орын алды. Ал 100 см-лік кедергілерді бағындыруда Максим Папихин «Кайло Рэн» сәйгүлігімен жеңімпаз атанды. 120 см-лік кедергілерді бағындыруда «Сальвадор» тұлпарын тақымдаған Чингиз Маликаджарға тең келер ешкім болмады. Ал 125 және 130 сантиметрлік кедергілер бәсекесінде, сәйкесінше, Виктория Котина «Спектр Сайгон» жылқысымен және тағы да Чингиз Маликаджар «Сальвадор» жылқысымен топ жарды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион  теңгені құрады. 

Ерлан Каналимов, Қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті

Месси – әлем үздігі. Халықаралық футбол федерациясы өткен жылды қорытындылар, жақсы нәтиже көрсеткен аяқдопшыларды марапаттады. Салтанатты шара Париж қаласында өтті және ең басты жүлде, яғни, жылдың ең үздік футболшысы атағы аргентиналық Лионель Мессиге бұйырды. Бұл сыйлыққа ПСЖ командасының 3 бірдей футболшысы үміткер болған еді. Яғни тізімде Мессиден бөлек Карим Бензема мен Килиан Мбаппе тұрды. Нәтижесінде,  таңдау былтырғы әлем чемпионы Лионель Мессиге түсті. Айта кетейік, ол ФИФА-ның жүлдесін осымен 3-мәрте алып тұр. Яғни 2009 және 2019 жылдары да үздік футболшы атанған болатын. Ал ең үздік қапашы номинациясында тағы бір аргентиналдық Эмилиано Мартинес жеңімпаз деп танылды. Бұған қоса, Аргентина ұлттық құрамасының жетекшісі Лионель Скалони «ең үздік бапкер» атанды. Ал "Фэйрплей" сыйлығы грузиялық Лука Лохошвилиге табысталды.