Әлем үздіктері Бурабайға жиналды

Әлем үздіктері Бурабайға жиналды

Әлем үздіктері Бурабайға жиналды. Қазақстан өз тарихында алғаш рет биатлоннан дүниежүзілік доданы қабылдап жатыр.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарысқа 41 елден 800-ден аса спортшы қатысады. Күші кеше Ақмола облысындағы шаңғы-биатлон базасында дүниежүзілік доданың ашылу салтанаты өтті. Ал қазір спортшылар жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Негізгі бәсекелердің өзі ертең басталады. Айтулы аламанда ел намысын 20 биатлоншы қорғауға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта осындай форматтағы жарыстарды Қазақстанның басқа аймақтарында да өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов халықаралық биатлоншылар одағының президенті Олле Далинмен кездесу барысында мәлімдеді. Тараптар қысқы спорт түрінің инфрақұрылымын қаслыптастыру мен оны кешенді дамытудың негізгі тетіктерін талқылады.

Асхат Оралов, Мәдениет және спорт министрі:

- Біз Жетісту облысында шаңғы-биатлон кешенінің құрылысын бастағымыз келеді. Бұл еліміздің оңтүстік аймағы және қары көп емес. Осы тұрғыда Олле Далин мырза халықаралық биатлоншылар одағының тарапынан өз ақыл-кеңесін берсе дейміз. Яғни, база барлық талапқа сай болып, осындай әлемдік алмандарды қабылдағанын қалаймыз. 

Әлем чемпионаты алдында Қазақстан, Қырғызстан және Ресей құрамалары бірлескен жаттығу жинын өткізеді. Оның аясында боксшылар жауынгерлік дайындыққа ден қоймақ. Яғни, 3 минуттан тұратын 3 раундтық жекпе-жектерге шығады. Бұл жөнінде Ресей құрамасының бас бапкері Виктор Фархутдинов мәлімдеді. Жаттығу жиыны наурыздың аяғында басталады және 3 елдің мықтылары Қырғызстанда бас қосады. Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама жуырда ғана Болгариядағы Странджа кубогына қатысып, 1 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Сәйкесінше, жалпыкомандалық есепте 7-ші орынға тұрақтады. Бұл жағдай бокс жанкүйерлері мен мамандары тарапынан қатты сынға алынды. Ал, алдағы әлем чемпионаты мамырдың 1-і мен 14-і аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында болады. Оған Ресей мен Беларусь құрамасы өз туының астында өнер көрсетеді және осының салдарынан Америка мен Еуропаның бірқатар елі, оның ішінде АҚШ, Нидерланды,Германия, Норвегия сияқты мемлекеттер жарыстан бас тартып, байкот жариялады.