Рыбакина 1/8 финалға шықты

Рыбакина 1/8 финалға шықты

Рыбакина төртінші айналымға шықты.

Дәл қазір АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы рейтингтілік турнир өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина жарыстың кезекті күні испаниялық  Паула Бадосамен кездесті. Бұл матч жерлесіміз үшін аса ауыр болған жоқ. Өйткені, Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 10-шы, ал Бадоса 22-ші тұр. Сәйкесінше, ойын 1 жарым сағатқа созылып, 6:3, 7:5 есебімен аяқталды. Қызығы сол қос спортшы жұптық сында бірге өнер көрсетеді. Ал жекелей сында Елена енді кіммен жолығатыны әзірге белгісіз. Белгілісі -  Дарья Касаткина мен Варвара Грачёва арасындағы жеңімпаз қазақстандық теннисшіге қарсылас атанады. Индиан-Уэллс қаласындағы жарыс 19-шы наурызға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 8 млн 800 мың АҚШ долларын құрайды. Бұған қоса, жеңімпазға рейтингтілік 1000 ұпай беріледі.