Алматыда фристайлдан Әлем кубогының шешуші кезеңі өтті

Алматыда фристайлдан Әлем кубогының шешуші кезеңі өтті

Қоржынымызда бір қола. Алматыда фристайлдан Әлем кубогының шешуші, яғни биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекеге 20 елден 60-қа жуық спортшы жиналды. Жерлестеріміз арасынан Павел Колмаков қана жүлдеге ілікті. Фристайлдың могул бағытында сынға түскен ол супер финалға шығып, ақтық сында екінші орынға тұрақтады.

Тағы бір қазақстандық Антон Бондарев болса іріктеуден әрі аса алмады.

Әйелдер арасында Аяулым Амренова кіші финалға жолдама алған болатын. Бірақ одан кейінгі кезеңге өтпеді.

Павел колмаков, Әлем кубогының күміс жүлдегері:

- Бұл жарысқа ұзақ және тыңғылықты дайындалдық. Жалпы, біздің спорттағы элементтерді орындау оңай емес. Техникалық қате көп кездеседі. Жарақат алып қалуың да мүмкін. Міне, осындай кедергілердің барлығын еңсеріп, маусымды сәтті аяқтап отырмын. Енді сәл тынығып, келесі маусымға дайындықты бастаймыз.  

Ал шаңғы акробатика бәсекесінде ел намысын Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов сияқты спортшылар қорғап еді. Араларынан Жанбота ғана супер финалға жолдама алды. Бірақ ақтық сында қарапайым элементті орындап, жалпы есепте 6-шы орынға тұрақтады.