Футбол: Қазақстан тарихи сенсация жасады

Футбол: Қазақстан тарихи сенсация жасады

Тарихи сенсация! Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді. 

H-тобындағы кездесу бүгін Астанада өтті. Ойынның алғашқы таймында қонақтар 2-0 есебімен алға шыққан. Даниялықтар сапында Расмус Хейлунд дубль авторы атанды. Ал екінші таймда қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден есеп айырмасын қысқартса. 86-минутта команда капитаны Асхат Тағыберген Каспер Шмейхель қорғаған қақпаның тоғыздығына допты топ еткізіп, таразы басын теңестірді. Араға 3 минут салып Абат Айымбетов кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы бұл топта 3 ұпаймен әзірше 4-орында тұр.