Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы өтті

Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы өтті

Жалпы есепте бірініші тұрмыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы өтті.

Айта кетейік, Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дәстүрлі турнир халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енді. Сәйкесінше жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай беріледі. Соныдақтан биылғы бәсекеге 11 елден 700-ге жуық спортшы жиналды. Нәтижесінде ұлттық құрамадағы жасөспірім қыз-жігіттер 27 медаль жеңіп алды. Оның 9-ы – алтын. Әсіресе Нұрбол Асқар, Нұрлан Исатаев, Еркебұлан Орынбаев, Еділ Ерболұлы, Шерхан Алпанов және Досбол Балғабайлар қарсылас шақ келтірмеді. Қыздар арасында Зере Өтепқали, Сәулемай Сағитжан және Гүлдана Теңгелбаевалар жеңімпаз атанды. Осының арқасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрқатадық. Үздік үштікті Өзбекстан мен Моңғолия түйіндеді. Жастар арасындағы көрсеткіш те жақсы. Жерлестеріміз 7 алтын, 6 күміс, 14 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 1-ші орын алды.

Айта кетейік, Азия кубогы аясында төрешілерге арналған халықаралық семинар-емтихан өтті. Нәтижесінде қазақстандық 3 маман, яғни Самат Сапишев, Николай Иванов және Асхат Жіткеев сынақтарын сәтті тапсырып, халықаралық дәрежедегі төреші атанды.