Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шықты

Әлемдік теннис турында құмды корттарға кезек келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роллан Гаррос бәсекесі алдындағы негізгі жарыстың бірі Италия астанасында жалғасты. 16 мамырда әйелдер арасында Рим турнирінің ширек финалистері анықталды. Қазақстандық Елена Рыбакина Чехиялық Маркета Вондроушованың осал тұсын тауып, үздік сегіздіктің қатарына қосылды. Екі партиядағы есеп 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Ойын 1 сағат 14 минутқа созылды.

Рыбакина жартылай финал жолдамасын Ига Свентек-Донна Векич жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. Ұтыс қоры 3,5 млн еуроны құрайтын Италия ашық біріншілігінің чемпионы апта соңында белгілі болады.