«Ювентус» 10 ұпайынан айырылды

«Ювентус» 10 ұпайынан айырылды

Италия чемпионатында сыбайлас жемқорлық дауы өршіп тұр.

А сериясында кейінгі жылдары үстемдік құрған «Ювентустың» басына қара бұлт үйірілді. Федералды аппелляциялық сот Туриндік команданың 10 ұпайын алып тастау туралы шешім шығарды. Клуб басшылығы қаржылық қитұрқылыққа барып, табысты жасырып келген. Қаңтар айында сот «Ювентустың» 15 ұпайын жойған болатын. Кейін команда өкілдері шағым беріп, тиесілі ұпайларын уақытша қайтарып алған еді. Бұл жолы «Ювенус» жеңілді. Турин командасы А сериясындағы турнир кестесінде 69 ұпаймен екінші орында тұрса, енді 59 ұпаймен жетінші сатыға түсіп кетті. Италия чемпионатының аяқталуына екі тур қалды.