Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық Эскиво Фалькаоны жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық Эскиво Фалькаоны жекпе-жекке шақырды

Титулдарды біріктірейік.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық Эскиво Фалькаоны жекпе-жекке шақырып, нағыз мықтыны анықтауды ұсынды. Фалькао тура бір айдан кейін Германияда жергілікті Винченцо Гуальтьеримен жолығады. Жеңіске жеткен тарап IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанады. Бұл белдікті жуырда ғана қазақстандық Генадий Головкин жекпе-жексіз босатқан еді. Осы орайда «Фалькао, сен жеңесің деген үміттемін, кейін титуларымызды біріктірейік», - деді Жәнібек әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында.

Айта кетейік, жерлесіміз ең соңғы рет мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіске жетті. Фалькао болса, қазір IBF рейтингінде топ бастап тұр. Ол бүгінге дейін 30 жекпе-жек өткізіп, отызында да жеңіске жетті. Тіпті жиырмасын нокаутпен аяқтады.