Дастан Ордабай - бүкіләлемдік ойындар жүлдегері

Ә дегеннен жүлдегер атандық.

Қазақстан өз тарихында алғаш рет интелектуалдық дамуында ерекшелігі бар спортшылар арасындағы бүкіләдемдік ойындарға қатысты. Байрақты бәсекені биыл Франция қабылдаған болатын. Оған 80 елден мыңнан аса қатысушы жиналды. Олардың арасында қос Қазақстан өкілі бар. Әсіресе, елордалық Дастан Ордабай велотректен 4 бірдей қашықтықта жүлдеге ілікті. Қоржында 4 күміс. Бұған қоса, тағы бір елордалық Әмір Алпамыс жүзу бойынша бағын сынаған еді. Бірақ, ол жалпы есепте алдыңғы үштіктен табыла алмады.

Қос спортшыны Астана әуежайыннан достары, туыстары және спорт саласының мамандары күтіп алды. Енді алдағы уақытта қазақстандық спортшылар айтулы аламанға тұрақты қатыспақ. Бұған қоса, ел намысын қорғайтындардың қатарын біртіндеп арттыру да көзделіп отыр.