Талдықорғанда жүзуден жазғы Спартакиада басталды

Талдықорғанда жүзуден жазғы Спартакиада басталды

Ел үздіктері Жетісуға жиналды.

Талдықорғанда жүзуден жазғы Спартакиада басталды. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге 12 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 170-тен аса спортшы жиналды. Олардың арасында ұлттық құраманың негізгі өкілдері де бар. Алғашқы жарыс күні жүзудің брасс, еркін, арқалай, баттерфляй және кешенді түрлері бойынша сындар өтті. Нәтижесінде, жалпы есепте әзірге Алматы қаласының құрамасы көш бастап келеді. Олар 4 алтын, 4 күміс және 5 қола жеңіп алды.

Екінші орында Астана қаласының жүзу шеберлері болса, алдыңғы үштікті Ақтөбе командасы түйіндеп тұр. Республикалық спартакиада 16-шы маусымға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын команда жасақталады. Биылғы дүниежүжүзілік дода тура бір айдан кейін, яғни 14-ші және 30-шы шілде аралығында болады. Оны Жапонияның Фукуока қаласы қабылдайды.