Футболдан ұлттық құрама елге оралды

Футболдан ұлттық құрама елге оралды

Ұлттық құрама елге оралды.

Еуропа төрінде сенсациялық жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы чартерлік рейспен елордаға жетті. Оларды Астана әуежайынан қалың көпшілік күтіп алды.

Айта кетейік, Магомед Адиев баптайтын жігіттер кеше Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кездесуі сырт алаңда, яғни Белфаст қаласында өтті және ол 0:1 есебімен аяқталды. Ойынның 88-минутында гол соққан Абат Айымбетов. Соның арқасында 4 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, турнир тізімінің 2-сатысына жайғасты. Топ басында Финляндия құрамасы тұр және ұпай көрсеткіштері біздікімен бірдей. Енді қос команда 7 қыркүйекте Астанада кездеседі.

Абат Айымбетов, ұлттық құрама мүшесі:

Абаттың айтуынша, ұлттық құрамада командалық ойын қалыптастып келеді. Ендігі мақсат – осы қарқынды жоғалтпай, алдағы жылы Еуропа чемпионатына қатысу. "Бұл қолдан келетін шаруа" деді шабуылшы. Ал бас бапкер Магомед Адиев жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайтынын айтады. Алда бұдан да маңызды матчтар бар. Енді сәл тынығып, қайтадан дайындыққа кірісу керек.

Магомед Адиев, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Қыркүйек, қазан және қараша айларында матчтар бар. Оған дейін өткен ойындарға сараптама жасап, олқылықтарды түзеп үлгеруіміз керек. Шілденің соңына қарай нақты жоспарымыз дайын болады. Соған сәйкес, жігіттерді ұлттық құрамаға шақырта бастаймыз.