Германияда ЕУРО-2024 бойтұмары таныстырылды

Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми бойтұмары таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Турнирдің басты нышаны болып аю бекітілген. УЕФА жаңа бойтұмар Еуропадағы барлық балаларды белсенді болуға және футболға деген махаббатын арттырады деп сенеді. Енді бұл аюға ұсынылған 4 аттың біреуін таңдау керек. Сауалнама 2 апта бойы УЕФА сайтында жүргізіледі. Альберт, Бернардо, Бернхардт және Херци фон Бер деген 4 нұсқа бар.

ЕУРО-2024 чемпионаты Германияның 10 қаласында 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. 

Филипп Лам, ЕУРО2024 директоры:

- Чемпионаттың басталуына аз уақыт қалды. Балаларды футбол ойнауға ынталандыратын көңілді және әдемі кейіпкер ойлап таптық деп ойлаймыз. Цифрлық заманда балалардың бос уақытын пайдалы өткізу өте маңызды. Біз олардың бойына осы құндылықтарды сіңіре алуымыз керек.