Александр Бублик алғаш рет АТР 500 турнирінде топ жарды

Александр Бублик алғаш рет АТР 500 турнирінде топ жарды

Рейтингілік бәсеке Германияның Галле қаласында өткен болатын.

Іріктеу сындарында барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан жерлесіміз финалда ресейлік Андрей Рублевпен жолықты.

Айта кету керек, Бублик әлемдік рейтингте 48-ші, ал Рублев 7-ші тұр. Соған қарамастан қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:3, 3:6 және 6:3. Ал мачтың өзі 1 сағат 35 минрутқа созылды. Осының арқасында Бублик кәсіпқой мансабындағы ең үздік нәтижені тіркеді.

Бұған дейін ол былтыр АТР 250 санатындағы турнирде ғана жеңіске жеткен болатын. Галле қаласындағы жарыстан кейін ол 500 рейтингілік ұпай мен 410 мың еуро көлеміндегі сыйақы алады. Соның арқасында әлемдік тізімдегі көрсеткішін жақсартып, 48-ші орыннан 27-ші орынға көтеріледі.