Елордада Астана күніне арналған аламан бәйге ұйымдастырылды

Ел үздіктері елордаға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Араға аз уақыт салып Астанада қайтадан аламан бәйге ұйымастырылды. Бұл жолғы дүбірлі доданың қатысушылар саны да, сыйақы көлемі де әлдеқайда жоғары.

Елорда Кубогы. Дәл осындай атаумен жыл сайын дәстүрлі түрде дүбірлі дода ұйымдастырылады. Биылғы байрақты бәсекеге 100-ден аса сәйгүлік жиналды. Ал жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Ерлан Қаналимов, қалалық Ат спорттары федерациясының президенті:

- Республиканың 20 өңірінен 107 ат қатысып отыр. Бүгін әйгенің 4 түрінен, яғни 4 қашықтықта сайыс болады. 107 шабандоз бақтарын сынайды. Оның ішінде Аламан, Топ, Құнан және Жорға бәйгелері бар.

 Кейінгі кезде елордада ат жарыстары жиі өткізіліп жүр. Биылдың өзінде осындай форматтағы 5 бәйгені ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Эльдар Құдайбергенов, жергілікті тұрғын:

- Аттардың деңгейі жақсы. Бүгінгі таңда Қазақстанның ең жақсы атбегілері мен жүйріктері жиналған. Деңгейі көрініп тұр. Жай дайындалғандары, қаны таза еместері дұрыс шаппай жатыр.

Сонымен 7 шақырымдық құнан бәйгеде алматылық «Шұғыла» тұлпары топ жарды. Шабандоз – Абзал Тұрғанбек. Ал 7 шақырымдық жорға жарысында Шығыс Қазақстандық Сұңқар Қасымхановтың «Латифы» алдына жан салмады. Бұған қоса 15 шақырымдық топ бәйгеде тағы бір алматылық Абзал Тұрмыс тізгіндегін «Маймақ» сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесті.

Хамза Амангелді, жарыс жүлдегері:

- Көңілден шықты. Жақсы өтті. Күшті. Жүгірген кезде шаң көтеріліп жатыр. Бірақ ол кедергі жасамайды. Алдынан қалма деп айтты маған. Соңынан қалмадым.

Негізгі бәсеке, яғни 22 шақырымға созылған Аламан бәйгенің бас жүлдесін Алматы олысының өкілі Ділнұр Нұрмұқаш жеңіп алды. Тұлпардың есімі –Хан. Екінші және үшінші орындар, сәйкесінше, Атырау мен Жетісу қатысушыларына бұйырды. Алдыңғы 5 орынға іліккендерге ақшалай сыйақы табысталды.

Аслан Қаженов, тілші:

- Сонымен биылғы байрақты бәсеке ойлағыдай өтті. Жоғарыда айттық, біраз рекордтық көрсеткіштер бар. Қалалық деңгейдегі жарыс үшін. Біреу білсе, біреу білмес, алдағы жылы, яғни 2024 жылы Қазақстан өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік көшпенділер ойынын қабылдайды. Елордамызда өтетін және осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы соған дайындық болып есептеледі.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ақылбек Есемсейітов.