Елордада арбадағы теннистен ел біріншілігі өтіп жатыр

Мақсат – аталған спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды анықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.

Жарысқа 7 өңірден 40-қа жуық спортшы келді. Чемпионат 30 шілдеге дейін жалғасады. Арбадағы теннис республика бойынша енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі.

Ербол Мырзабосынов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Бұл спорт түрі жаңа спорт түрі деуге болады. Осыдан 1,5 жыл бұрын ашылған. Елімізде жалпы, 150 ге жуық спортшы айналысады. 5 жастан 54 жасқа дейін шектеусіз спортшылар жарысқа қатыса алады.

Дастан Ниязов, қатысушы:

- Бірінші турниріміз Алматы қаласында өтті. Содан еңбектеніп, бірінші орын алдық. Италия еліне барып, Сардинио деген қаласында ашық турнир өтті. Біраз елден, азамат, азаматшалар келіп, солармен ойнап жүлделі екінші орын алдым. Былай енді қиын спорт қой. Арбаны итеру, қолыңда ракетка ұстау, үлгеру деген оңай емес. Өзіміздің бапкерлерімізге рахмет!