«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

«Ақтөбе» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кеште болған ойында қазақстандық команда Кутаисилік «Торпедодан» 1:2 есебімен жеңілді. Жалғыз голды Максим Самородов салды. Ал грузиялық команданың гол авторлары: Георгий Арабидзе мен Ираклий Бугридзе. Дегенмен қос кездесудің нәтижесіне сәйкес «Ақтөбе» келесі айналымға өтті. Жалпы есеп: 5:3. «Ақтөбенің» кезекті қарсыласы – румыниялық «Сепси» командасы. Алғашқы кездесу тамыздың 10-ы күні сырт алаңда өтеді.