«Астана» өз алаңында «Лудогорецті» жеңді

«Астана» болгариялық «Лудогорецтен» басым түсті. 

Қос команда бүгін Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында кездескен болатын. Елордада өткен матчта алаң қожайындары 2:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Кездесуде бірінші болып қонақтар гол соққан еді. Кейін елордалық ұжым Серхио Падттың қақпасын 2 мәрте дәл көздей алды. Гол авторлары – Жарко Томашевич пен Александр Марочкин.

Ендігі қарымта кездесу Разград қаласында тамыздың 17-і күні өтеді. Егер екі матч қорытындысы бойынша Бабаян шәкірттері мықтылығын дәлелдей алса, онда плей-оффта голландиялық «Аякс» командасымен сынға түседі. Ал «Лудогорецтің» айы оңынан туа қалса, «Астана» командасы Конференция лигасында жарысты жалғастырады.