АҚШ ашық чемпионаты. Данилина финалда

АҚШ ашық чемпионаты. Данилина финалда

Қазақстандық Анна Данилина теннистен жылдың басты бәсекесінің бірі АҚШ ашық чемпионатына қатысып жатыр.

Жерлесіміз аралас жұптық сында финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ақтық сынға жолдама алды.

Олар жартылай финалда Жапония және Хорватия теннисшілерімен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 7:6, 6:4. Ал келесі қарсыластары әзірге белгісіз. Екінші жолдаманың иелері бүгін анықталады.

Ал бас жүлдеге талас 9 қыркаүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. Егер Данилина мен Хелиоваара жұбы жеңіске жетіп жатса, 175 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Айта кетейік, Анна Данилина қазір әлемдік рейтингте жұптық сында өнер көрсететіндер арасында 29-шы тұр. Былтыр Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Бұған қоса, Уимблдон бәсекесінің ширек финалына шықты.