Елордада VI Ұлттық спорт түрлері фестивалі өтіп жатыр

Қазанат атшабарында елдің әр түкпірінен келген 46 мерген жамбы атып, бақ сынады.

Бұл күндері елордада VI Ұлттық спорт түрлері фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге 1000-нан астам спортшы келген. Олар 11 спорт түрі бойынша сынға түсті.
Бүгін фестивальдің 4-ші күні. Мұның алдында Азия, түрік және қазақ стильдерінің үздіктері анықталып, жүлделі болған мергендер бүгін ақтық кезеңде кездесті. Нысана - ат қылына ілінген тайтұяқ. Орағыта шауып, жебесін дәл көздеуге тырысқанмен бұл жолы тайтұяқ ешкімге бұйырмады.
Фестивальдың жалпы қорытындысы бойынша 3 стильде де Түркістаннан келген мергендер үздік шықты.Төрешілер Жамбыл, Алматы облысынан келген спортшылардың дайындығын да жоғары бағалады.

Бақдәулет Бабажан, Түрік стилі бойынша 2 орын иегері /Жамбыл облысы:

- Жамбыл облысынан келіп отырмын осы елордада болып жатқан алтыншы фестивальға. Осы жамбы ату спортынан келдім,түрік стиліне. нәтижеміз жаман емес. Түрік стилінен жүлделі 2ші орыды алып отырмын. Басты қарсыластар енді өздеріңізге белгілі Түркістан облысында.
Осы жарыстан кейін Құдай қаласа сол көшпенділер ойындарына дайындықты бастаймыз ақырындап.

«Тайтұяқ - Ұлттық спорт фестивалі аясында алғаш рет нысанаға тігіліп отыр. Мақсат - Тайтұяқ стилін дүниежүзілік көшпенділер ойынына енгізу», - дейді ұйымдастырушылар.
Еркебұлан Ілиясов, жамбы ату федерациясының президенті:
- Дүниежүзілік бүкіл түркі тілдес елден келген спортсмендерге өз стилімізді, тайтұяқ стилімізді атқызып, сондай бір үлкен жүлдеге қаржы тігіп,солай бір ойнатайын деп отырмыз сол стилді. Бүгін егер де 400 мың теңге болса, значит ендігі жылдың сентябрь айына түркі көшпенділер ойынына бұл жүлде мен сізге айтайын 1,5 млн теңгеге. 100 мың теңгеден қосылса сол 1,5 млн теңге жуықтап, может сол үстінен жаңағы инвестрлар келіп, тағы да қаражат қосып жатса неге 2 млн 3 млн неге сондай жүлдеге атпасқа.

Адина Хамар, тілші:

- Жамбы ату үшін мергенге жүйрік ат пен садақ керек. Ойыншы атпен шауып, мына тұрған нысананы көздеп, дәл тигізуі қажет. Бұл ұлттық ойын түрі қырағылыққа тәрбиелейді. Мұны көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған деседі.
4 жылда 1 өтетін Ұлттық спорт түрлері фестивалі мәреге жақындап қалды. Бұл жолғы шеберлік шыңдау бір есептен  келер жылы біздің елде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық іспетті. Осы жолы оза шауып бәйге алғандар, келер жылы намысты қолдан бермес деген сенім бар.
Авторлары: Адина Хамар, Наурызбай Құрманғазы