«Дэвис кубогына» дайындық

Финалдық кезеңге шығу керек.

Бірер күннен кейін теннистен ұлттық құрамалар үшін жылдың басты бәсекесі «Дэвис Кубогы» басталады.

Ерлер арасындағы әлемдік аламанда Қазақстан командасы тұрақты өнер көрсетіп жүр және жыл сайын ақтық сынға жолдама алады. Биыл да осындай мақсат қойылып отыр.

Іріктеу кезңі аясында жерлестеріміз ең алдымен Болгария құрамасымен жолығады. Шешуші матчтар 16 және 17 қыркүйекте өтеді. Осыған байланысты жігіттер София қаласына жетіп, жарыс алдындағы дайындықты пысқытауда.

Байрақты бәсекеде ел намысын Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Бублик және Александр Недовесов қорғайды.

Кездесулер топырақ төсеніште өтеді. Бұл отандық теннисшілер үшін айтарлықтай кедергі болмау керек. Өйткені, тұрақты ойнап жүр. Тіпті, Александр Недовесов жуырда осындай төсеніште ұйымадстырылған ATP-250 турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.