Қазақстандық теннисшілер ойынға дайын

София қаласында теннистен плей-офф кезеңіне жеребе тасталды.

Енді Қазақстан құрамасы «Дэвид кубогында» Болгария командасына қарсы ойнайды. Ойын бүгін басталып, ертеңмен жалғасады. Бұл қазақстандық теннисшілер үшін әлем чепионатында, төбе көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. Мачты бірінші болып Тимофей Скатов бастайды.

Андрей Голубев, теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Бірінші матч қызық болады деп ойлаймын. Бүгін қарсыласуды бірінші болып бастайтын Тимофей Скатов - мықты теннисші. Құраманың намысын қорғайды. Бұған дейін де бірнеше матчта ойнаған. Сондықтан оған сенім артып отырмыз.