АПЛ: «Арсенал» - «Тоттенхэм» 2:2

АПЛ: «Арсенал» - «Тоттенхэм» 2:2

Қазақстанда футбол маусымы мәресіне жақындаса, ағылшын премьер-лигасы енді басталды.

Бесінші турдың орталық кездесуі «Арсенал» мен «Тоттенхэм» арасында өтті. Солтүстік Лондон дербиі тартысқа толы болды. Тайм ортасында Букайо Саканың тепкен добы Кристиан Ромероға тиіп, қорғаушы өз қақпасына гол соғып алды. «Тоттенхэм» футболшылары жасыған жоқ. Үзіліске дейін Сон Хын Мин таразы басын теңестірді. Екінші таймда Сака тағы белсенді. «Арсенал» шабуылшысы қақпашыны қапы қалдырып, командасын алға жетеледі. Алайда қарсылас команда жылдам жауап қатты. 55-ші минутта Сон Хын Мин осы ойындағы екінші голын еншісіне жазды. Бесінші турдан кейін «Тоттенхэм» төртінші орынға жайғасты. «Арсенал» бір саты төмен тұр.