Astana Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

ATP 250 (эйтипи 250) Astana Open турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.

Бүгін Ұлттық теннис орталығында жеребе тарту рәсімі өтті. Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды. Отандасымыз венгриялық Мартон Фучович пен австриялық Себастьян Офнер кездесуінің жеңімпазымен сынға түспек. Тағы бір теннисшіміз Михаил Кукушкин португалдық Нуну Боргешпен кездеседі. Айта кетейік, халықаралық турнир ертең басталып, 3 қазанға дейін жалғасатын болады.