Рыбакина турнирге қатысудан бас тартты

Биыл Қазақстанның үздік теннисшілері жазғы Азия ойындарына барған жоқ.

Ерлер Астанадағы жарысты таңдаса, әйелдер де өз жөнімен кетті. Елена Рыбакина Токио турниріне тіркелген еді. Алайда Қазақстандық спортшы Жапония астанасындағы жарыстан бас тартты. Рыбакина алғашқы айналымда чехиялық Линда Носковамен ойнауы тиіс болатын. Мамандар Рыбакинаның ұйымдастырушыларға өкпелеп қалғанын айтады. Жауаптылар Қазақстандық теннисшіге алғашқы айналымда демалыс бермеген көрінеді. Бұл шешімге наразы болған Рыбакина, халықаралық теннис қауымдастығына сын садағын қадапты. Алайда 24 жастағы теннисші денсаулығының сыр бергенін алға тартып, әңгіменің ашығы кейін айтылатынын мәлімдеді.