Жаңақорғанның Машбек ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Халықты жаппай дене тәрбиесіне тартып, спорттың жандануына жағдай жасау мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың бірі.

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында спорт кешені пайдалануға берілді. Жалпы өңірде жасөспірімдерді салауатты өмір салтына жұмылдыратын 11 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 9-ы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Машбек ауылында ашылған бұл кешен заманауи үлгіде жабдықталған. Күрес, бокс және топтық ойын залы бар ғимаратта 100-ге тарта бала спортпен шұғылдана алады.   

Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат төрағасы:

- Аймақ спортшылары биылғы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша ҚР чемпионаты мен кубоктарында 1057 медаль жеңіп алса, әлем және Азия чемпионаттарында 210 медальға ие болды. Қолданысқа берілгелі тұрған жаңа кешенде жастар спортпен тұрақты айналысып, байрақты бәсеке, дүбірлі додадарда көк туымызды, Сыр спортының оның ішінде Жаңақорғанның даңқын арттыра береді деп сенеміз.  

Биыд Жаңақорған ауданының құрылғанына 95 жыл толды. Мерейтой аясында Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтың 100 жылдығы аталып өтті. Тұрғындар ақындар мүшәйрасы мен көкпарды тамашалады. Соынмен қатар «Ұрпаққа үлгі ұлы тұлға» республикалық ғылыми-танымдық конференцияға да қатысты. 

Тұрсын Хазіретәлі, тарих ғылымының докторы, профессор:

- Ауыр жүкке арқасын тосып, қиын істе білегін сыбанып жүрді. Ерлерге тән қайсарлықпен Ұлы Отан соғысында етігімен қан кешіп жүріп, гвардиялы  қ полктің атқыштар бригадасы командирі болып аяқтаған. Елге оралған соң бірден саяси жұмыстарға араласып кетті. 1978 жылға дейін облыс басшылығының тізгінін қолына алды. Орден, медальдар, үкіметтік наградалармен марапатталып жатты. 

Мерекелік бағдарлама шеңберінде лиро-эпостық жыр кейіпкері Алпамыс батырдың жары Гүлбаршын ана құрметіне монумент белгісі қойылды. 

Қамбар Бекенов, Айтмұхамбет Бәйділдаев