Азия пара ойындарына дайындық

Кемі 6 алтын медаль жеңіп аламыз.

Азия пара ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар алдарына осындай мақсат қойып отыр. Құрлықтық дода бірер күннен кейін басталады. Осыған байланысты ұлттық құрамамыздың бір бөлігі Ханджоу қаласына аттанып, жарыс алдындағы дайындықты  пысықтап жатыр. Байрақты бәсекеге бас-аяғы 131 спортшымыз қатысады. Олар 14 спорт түрінде медальға таласады. Әсіресе, парадзюдо, паражүзу және бочча сияқты бағыттардан үміт зор. Дүбірлі додада 45 елдің құрамалары қатысады. Жерлестеріміз ұлттық құрама  жалпы командалық есепте кемінде 12-ші орынға тұрақтауды  жоспарлап отыр.