Астанада Азия чемпионаты өтеді

Астанада Азия чемпионаты өтеді

Алдағы аптада елордада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода басталады.

Байрақты бәсекеге 23 мемлекеттен 200-ден аса спортьшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Иордания, Филиппин, Тайланд және Қытай сияқты елдердің өкілдері бар. Бұған қоса өзіміздің өрендер де шаршы алаңғы шығып, Азия чемпионы атағына қол созады.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Яғни, 13 салмақтағы мықтылар анықталады. Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысса, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 2007 және 2008 жылы дүниеге келген ұлдар бақ сынайды. Құрлықтық дода 3 қарашаға дейін жалағасады.

Айта кетейік, Азия чемпионатын бұғакн дейін 2016 жылы қабылдаған едік және ол Павлодар қаласында ұйымдастырылыды. Енді араға 7 жыл салып Астана төріне қайта өткізілмек