«Шахмат керуені» Ақтөбеге жетті

Ақтөбеде шахматшылар көбейеді.

Өңірде Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылды. «Шахмат керуенінің» сапарына орай арнайы тігілген мобильді киіз үйде швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир ұйымдастырылды. Оған іріктеуден өткен 20 әуесқой ойыншы қатысты. Жеңіске жеткен 1-ші, 2-ші және 3-ші орын иегерлеріне ақшалай сыйлық табыс етіліп, Түркістанда өтетін ақтық сынға жолдама беріледі. Оның жеңімпазы 5 млн теңге иемденбек. «Шахмат керуені» бұған дейін елдің 14 облысында болды. Одан әрі Орал, Ақтау және Атырау қалаларына сапар шегеді.

Аят Жарылғасов, студент:

Шахматпен 10 жыл айналысып келе жатырмын. 7 жастан бастап қатыстым. Қазіргі ойында үштікке кірем деген өзіме сенімділік бар. Түркістанды енді көреміз қалай болатынын.

Марат Есенов Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:   

Өздеріңіз білесіздер, 2023-2025 жылға арналған комплекстік жоспар қабылданған болатын, Үкіметтің шешімі. Сондай біз облыстарда қабылдауымыз керек. Оның ішінде нақты жоспарларымыз бар. 20 пайызға дейін мынау 1-4 сыныптың арасындағы балаларды шахметпен айналысуға тарту. Ол үшін біз үлкен бағдарлама дайындадық.