Пара Азиада. Екінші алтын

Пара Азиада. Екінші алтын

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.