Пара Азиада. Олжас Оразәліұлы – чемпион

Пара Азиада. Олжас Оразәліұлы – чемпион

73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды.

Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!,- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.