Боксшы Қ. Қоңқабаев шеберлік сағатын өткізді

Боксшы Қ. Қоңқабаев шеберлік сағатын өткізді

Қамшыбек жас спортшылармен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді.

Ұлттық құрама өкілі, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап, үнемі жүлде әкеліп жүрген Қамшыбек Қоңқабаев елордадағы №3 спорт мектебінің шәкірттерімен жаттықты. Ерекше форматтағы дайындыққа 100-ге жуық өрен жиналды. Оның ішінде әртүрлі жас деңгейіндегі балалар мен жасөспірімдер бар. Олар ел мақтанышымен бірге дайындықты пысықтап, артынша көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Еркін әрі ашық әңгіме болды. Олимпиадалық резерв мектебінің басшылығы алдағы уақытта осындай үлгідегі жиындары тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені, өскелең толқын үшін шеберлік шыңдауға керемет мүмкіндік. Бұған қоса, жақсы мотивация дейді. Айта кетейік, Қамшыбек бірер апта бұрын ғана Ханчжорудағы Азия ойындарына қатысып, күміс жүлдегер атанған болатын. Соның арқасында алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.

Қамшыбек Қоңқабаев, бокстан ұлттық команда өкілі 

Мақсат Қадырбаев, №3 олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы

Дзюдошы Камила Берліқаш Әбу-Дабиде күміс алды

Камила тарихи нәтиже тіркеді. Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік гранд-слэм өтті. Соңғы жарыс күні аса ауыр салмақтағы спортшылардың белдесулері болды. Әсіресе әйелдер арасындағы сында қазақстандық Камила Берліқаш финалға жолдама алып, соңғы кездесуде ғана қарсыласына есе жіберді. Ол бас жүлдені португалиялық Рушель Нуньеспен сарапқа салған болатын. Нәтижесінде Камила күміс жүлдегер атанды. Айта кету керек, қазақ қызы тұңғыш рет осындай жетістікке жетіп отыр. Бұған дейін әйелдер арасындағы аламанда ұлттық команда өкілі финалға шығып жүрді. Бірақ, ол Моңғолиядан келген Галбадрах Отгонцэцэг болатын. Ал, өзіміздің қыздар арасынан Камила алғаш болып жеңіс жолын бастап берді. Өкініштісі сол, қалған спортшыларымыз осы жарыста жүлдеге іліге алмады. Қазақстан қоржынында бір күміс қана бар. Еске сала кетейік, Әбу-Даби қаласындағы әлемдік гранд-слэмге 81 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. 

Қазақстандық жігіттер финалға шықты 

Қоржымыздағы алтындар саны жетеуге жетті. Қытайдың ханджоу қаласында пара Азия ойындары жалғасып жатыр. Байрақты бәсеке бірер күннен кейін мәресіне жетеді. Осы аралықта жерлестеріміз тағы бір алтын жеңіп алуы мүмкін. Оны волейболды отырып ойнау шеберлерінен күтеміз. Өйткені, олар күні кеше жартылай финал аясында жарыс қожайыны Қытай командасы жеңіп кетті. Қорытынды есеп: 3:2. Бауыржан Тахауов баптайтын жігіттер бірер ай бұрын Астанадағы Азия чемпионатында да қытайлықтармен жолығып, дәл осындай есеп айырмасымен ұтқан болатын. Енді бүгін Қазақстан және Иран командалары бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, Ханчжоудағы ойындарға 131 спортшымыз аттанды. Олар 14 бағытта жарыстарға араласып жатыр. Бүгінге дейін қазақстандық қыз-жігіттер 38 медаль жеңіп алды. Оның 7-еуі жоғарыдағы айтқандай алтын. Бұған қоса, 11 күміс пен 20 қола бар. Соның арқасында жалпы есепте әзірге 10-орында тұрмыз. 

Бауыржан Тахауов, Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері