Алматыда таеквондодан республикалық турнир өтті

Алматыда «Жеңіс» кәсіпқой спорт клубының кубогы үшін таеквондодан дәстүрлі республикалық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 1,5 мыңнан астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар жасына қарай 3 санатта анықталды. Бұл – кадеттер, жасөспірімдер және жастар. Командалық жарыста барлық санаттар бойынша алматылық спортшылар көш бастады.

Таеквондо федерациясының өкілдері осындай жарыстар жас спортшыларды шыңдап, олардың кәсіби өсуіне жол ашатынын атап өтті.

Досымбек Оңласынов, Алматы қ. таеквондо федерациясының вице-президенті:

- Бұл жерде өзін көрсете білген балалар республикалық маңызды чемпионаттарға қатыса береді. Шектеу жоқ негізі. Шектеу тек қана Алматыда іріктеу жасағаннан кейін Қазақстанға қатысады.