Қазақстандық қыз-жігіттер әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық қыз-жігіттер әлем чемпионатында топ жарды

Индонезияның Нуса-Дуа қаласында заманауи дуатлон мен триатлоннан дүниежүзілік дода өтіп жатыр.

Олимпиадалық емес бағыттар бәсекесіне 34 елден 600-ден аса қатысушы жиналды. Жарыстың алғашқы күні аралас жұптық сындар ұйымдастырылып, қазақстандық жұп 3-ші орынға тұрақтады. 17 жасқа дейінгілер арасындағы сынға Юлиана Петрова мен Алмас Савет қатысқан болатын. Ал 19 жасқа дейінгілер арасында қазақстандық Никита Дубинский мен Анель Исабаева бірінші орын алды. Жекелей сындарда Анель Исабаева бірінші, Мейрлан Искаков екінші, ал Анатолий Голубь үшінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар қазақстандық қыз-жігіттер жасөспірімдер арасындағы және элиталы спортшылар арасындағы жарыстарда да үздіктер қатарынан табылып, жеңіс тұғырына көтерілді.