Петропавлда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды

Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Оған еліміздің 13 өңірінен 250-ге жуық спортшы жиналды. Жалпы 16 құрама командалық сайысқа түседі. Осылайша болашақта әлемдік байқауларда өнер көрсететін кіл мықтылар жасақталмақ. Аталған байқау 19 қарашаға дейін жалғасады. 

Данияр Орынбасаров, жарыстың бас төрешісі:

- Жарыс жеті турдан, швейцар жүйесі бойынша өткізіліп жатыр. Енді бұл жарысқа елімізден мықты-мыұты деген спортшылары қатысуда. 250 спортшының 4-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-ы спорт шебері, 116 спортшы жаңағы спорт шеберілігіне үміткер деген атақтары бар.